Әуезов ауданы тұрғындары шұрық-тесік жолдарға шағымданды

Әуезов ауданы тұрғындары шұрық-тесік жолдарға шағымданды
Бұған аудан әкімі Әнуар Өскенбаев ертең сағат 19.30-да тікелей эфирде жауап береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шұрық-тесік жол мен тозығы жеткен ойын алаңы. Әуезов ауданына қарасты Ақсай-3А шағын ауданының тұрғындары жауапты тұлғалардан көмек сұрап отыр. Сондай-ақ жергілікті жұрт аудан әкімінен «Сарыарқа» базары жанындағы жабайы сауда орындары мәселесін шешіп беруін де сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Асфальтті былтыр ғана төсеп еді, биыл қайтадан төсегені дұрыс болмады. Енді жауын жауса болды, ойқыш-ойқыш болып су жиналады. Балалар ойнай алмайды. Одан қалса, бұл маңайда жаяу жүру мүмкін емес. Айналып жүреміз», – дейді тұрғындардың бірі .

Ал келесі бір тұрғын жабайы сауда орындарының кедергі келтіретінін айтып, мәселені шешуге көңіл бөлінсе дейді.  

Бұл сауалдарға алдағы бейсенбі сағат 19:30-да Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев тікелей эфирде «Әкіммен ашық әңгіме» бағдарламасында жауап береді. Аудан тұрғындары мазалаған сұрақтарын қазірден бастап «Алматы» арнасының ресми сайтында қалдырып, уатсап қосымшасы арқылы жазбаша, аудио және бейне жазба ретінде жіберсе де болады. Сонымен қатар тікелей эфир кезінде студияға қоңырау шалу арқылы да сауалдарыңызға жауап ала аласыздар.

Новости партнеров