АЭС салынса электр қуатының бағасы 6 есеге қымбаттайды - ғалымдар пікірді жоққа шығарды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қалдықтың Балқаш көліне, оның айналасына еш зияны тимейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АЭС салынса электр қуатының бағасы 6 есеге қымбаттайды деген тұжырымды ғалымдар жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамда жүріп жатқан қызу талқыға қатысты жауап берген мамандар, әлемдік тәжірибені мысалға келтіріп, АЭС-тің күн мен жел стансаларына қарағанда тиімді екенін айтты. Сондай-ақ АЭС 3 және 3+ реакторларының негізінде жұмыс істейтіндіктен, апат қатері аз екеніне де тоқталды. Ғалымдар радиоактивті қалдықтардың сыртқа шығуы мүмкін еместігін, керісінше сақталып, келесі буын реакторына отын ретінде пайдаланылатынын және толығымен жағылып кететінін жеткізді. Қалдықтың Балқаш көліне, оның айналасына еш зияны тимейтініне қатысты да сөз қозғады.

– Германияда сағатына киловатт 0,5 евро болса, Венгрияда  ол 0,1 евро. Айырмашылығы Венгрияда электр энергиясын АЭС беріп отыр. Ал Германияда күн, жылу электр стансасынан алады. Осы мысалдың өзі-ақ дәлел бола алады деп ойлаймын, – деді «Ядролық физика институты» РМК бас директорының кеңесшісі Насурлла Бөртебаев.

АЭС құрылысының неліктен ұзаққа созылатынын да түсіндірді. Себебі оның әрбір құрылымының қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Сондай-ақ маман уран арқылы атом электр стансасынан энергия алатын болсақ, оның пайдалану коэффиценті – 90 пайыз болатынын, ал күн электр стансасына 18 пайыз ғана тиесілі екенін айтып, оның 4 есе тиімсіз екенін жеткізді. Сондай-ақ ғалымдар АЭС-ті арасында тоқтатып қоюға болады деген пайымды да жоққа шығарып отыр. Себебі атом электр стансасын өшіріп, қосудың өзі оңай шаруа емес.

– Атом электр стансасы еш уақытта тоқтамайды. Ол 24 сағат бойы үздіксіз қызмет етеді. Тек 4-5 жыл өткенде ғана техникалық әлеуеті жаңартылып, отыны алмастырылып отырады. Кейін тағы 5 жылға іске қосылады. Осылайша жұмыс жалғасып отырады. Тек осылай елді тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ете аламыз, – деді «Ядролық физика институты» РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков.



Новости партнеров