«Томирис» тарихи драмасы экранға шығады

«Томирис» тарихи драмасы экранға шығады
Басты рөлді 28 жасар Әлмира Тұрсын ойнайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Томирис» кинотуындысы көрермендерге 27 қыркүйектен бастап көрсетілетін болды. Мұны фильмнің режиссері Ақан Сатаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Картина Томиристің дүниеге келуінен бастап, парсының әйгілі патшасы Кирдің әскерімен болған, аңызға айналған шайқаспен аяқталады. Біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларда Орта Азияны мекендеп әлем тарихында өз орнын алған, сақ, массагет сынды тайпалар жайлы өрбиді.

Ақан Сатаев фильмнің қазақ мәдениеті мен дүниетанымының тамыры тым тереңде жатқанын дәлелдей түсетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, басты рөлді 28 жасар Әлмира Тұрсын ойнайды.

Новости партнеров