Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді

elements.envato.com
elements.envato.com
Оның 48% әйелдер санаты құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны — 9 167,3 мың адам, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Оның 51,9% ерлер болса, 48,1% — әйелдер.

Жас санаттары бойынша жұмысшылардың ең көбі 35-44 жас тобына тиесілі — 2,5 млн астам адам.

Одан кейін 29-34 жас аралығындағы қызметкерлер, олардың саны 1,8 млн асады.

Қызметкерлердің жалпы санының 44%-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-ның техникалық немесе кәсіптік білімі бар.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 76,2% жалдамалы жұмысшы болса, 23,8% — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жалдамалы жұмысшылардың ең көбі Алматы қаласында байқалды, олардың саны 954,3 мыңға жетеді.

Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өңірлер бөлінісіндегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 17,1%).

Сонымен қатар 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді.

452,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жұмыспен қамту деңгейі — 95,3 пайыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда 30 креативті кәсіпкер үшін қарқындылық өтеді

Новости партнеров