Алматыда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің семинары өтті

Алматыда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің семинары өтті
9 жоғары оқу орнының тыңдаушылары арнайы сертификатқа ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жоғары оқу орындарындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселері қызметкерлеріне арналған екінші семинар өз мәресіне жетті. Үш күн бойы тәжірибесін шыңдаған 19 жоғары оқу орнының тыңдаушылары арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Семинарда қазіргі заманғы технологиялардың мәдениетке әсері мен Қазақстан дамуының тарихи жолы талқыға салынды. Жаттығу-семинардың көздеген мақсаты – қатысушыларға жобаны басқарудың тәсілдері мен құралдары туралы жүйелі білім беріп, практикалық дағдыларды қалыптастыру және университеттердің жобалық кеңселері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

«Өте жақсы, тың идеялар алып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыру барысында кездесетін кедергілерді қалай жеңуді, қалай күресуді және оны жастарға насихаттау барысында қандай әдістерді қолдануды үйреніп жатырмыз», – деді Қазақ спорт және туризм академиясының аға оқытушысы Ғалымжан КӨПЖАНОВ.

Новости партнеров