ҚР СІМ-де коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz.
«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-орталығы іске қосылғаны жайлы айтылған еді.