Қазақстанда әйелдер қай салаларда көп жұмыс істейді

elements.envato.com
elements.envato.com
Әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде түрлі салада  4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл - жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3 пайызы деген сөз. Қазақстандық әйелдер қай салада көбірек екені туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросы қызметіне сілтеме жасап. 

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 3,4 млн әйел жалдамалы жұмыста, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Салалар бойынша алып қарасақ, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған барлық әйел – 20 пайыз, көтерме және бөлшек саудада – 19,6 пайыз, ауыл шаруашылығында – 9,7 пайыз болады. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6 пайыз, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8 пайызы еңбектенеді. Әйелдер ең аз жұмыс істейтін сала ақпарат және байланыс екен, жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6 пайызы ғана осы салада жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 наурыз күні әйелдерге 1 миллион теңге берілетін болды

Новости партнеров