«Бермуд үштағаны» секілді: Нұрлан Нығматулин «ҚазАгро»холдингін қатаң сынға алды

«Бермуд үштағаны» секілді: Нұрлан Нығматулин «ҚазАгро»холдингін қатаң сынға алды
«ҚазАгроның» жинақталған шығыны 400 млрд теңгені құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАгро» холдингі «Бермуд үштағаны» сияқты. Компанияға қомақты қаржы құйылады, алайда, еш нәтижесіз жоғалып тынады. Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «ҚазАгро» холдингіндегі шығындарға қатысты осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тек былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгроның» жинақталған шығыны 400 млрд теңгені құрады. Демек, компания табыстың орнына шығынды жинап келеді. Жалпы, «ҚазАгро» құдды бір жұмбақ құрылым іспеттес. «Бермуд үштағаны» сияқты. Компанияға қомақты қаржы құйылады. Бірақ ешбір нәтижесіз жоғалып тынады», – деді Қр Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Нұрлан Нығматулин компаниядағы жағдайды реттеуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғанын еске сала кетті. Саладағы түйткілді фермерлер де көтеріп келгенін алға тартты. Сондықтан мәселені ретке келтіруді жүктеді. Ал бұл ретте мемлекет қаржысының тиімді игерілуіне баса назар аудару қажеттілігін қадап айтты.

«Холдингте трансформация шараларының жүргізілгені дұрыс. Бірақ бюджет қаржысын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеткізу жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Қаржыны алып, қайтармау деген болмайды. Мемлекет қаржысының тиімсіз игерілуіне жол бере алмаймыз. Жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлеміз. Бірақ та әлі де тиісті нәтиже көріп тұрғаным жоқ», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Новости партнеров