Атамекенімізге келгенімізге қатты қуаныштымыз – ауған қазағы

стоп-кадр
стоп-кадр
Қандастарымызды Ауғанстаннан шығару Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Кабулдағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кеше Алматы әуежайына Ауғанстаннан этникалық қазақтардың алғашқы легі келіп қонды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қандастарымызды Ауғанстаннан шығару Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Кабулдағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.

Келген қандастардың бірі Қазақстан Президентіне, Ауғанстандағы елшілікке тарихи отанына оралуға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Атым – Хасан, ұлтым – қазақ. Атамекенге келгеніме, маған көмектесіп, осында алып келгені үшін рақмет. Атамекенімізге келгенімізге қатты қуаныштымыз. Тарихи отанымызға келгеніміз үшін қуаныштымыз.  Әйелімнің паспорты болмағаны үшін келе алмады. Біз бір отбасыдан алты адам келдік: анам, екі інім және өзім, үш қарындасым. Елшілікте біздің қазақ екенімді айттым. Тахар қаласынан келдік. Коммиссар бізді шақырып, сұрақтар қойды. Қазақсың ба, жоқ па, Қазақстанда туыстарың бар ма деп сұрады. Біз жауап бердік. Иә, руым Қожа, ұлтым Қазақ. Сосын керекті құжаттарды дайындап, елшілікке тапсырдық. Қазақстан Үкіметіне, Президентімізге шексіз рахмет айтамын!» – деді Хасен Дәрмен есімді қазақ.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы 9 қыркүйекте Кабулдан Алматы қаласының әуежайына қонды. Бортта 41 жолаушы болған. Олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар уақытша оқшауланады.

Новости партнеров