«Алма-сырнай» Алматының брендіне айналады

«Алма-сырнай» Алматының брендіне айналады
Бас жүлдеге 1 млн теңге, екінші орынға - 700 мың, үшінші орынға 500 мың теңге берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалалық туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен зергерлер конкурсында «Алма-сырнай» үздік деп танылды. «Almaty Art center» орталығында болған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қолөнершілер келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қонкурсқа қатысқан қолөнер шеберлерінің барлығы ағаштан түйін түйетін шеберлер. Бұл жолғы байқауға 50 үміткердің ішінен іріктелген 20-сы қатысты. Байқаудың басты мақсаты  Алматының брендін анықтау болыпты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халқымыздың ежелгі дәстүрін сақтап келе жатқан зергерлердің қашанда алар орны ерекше.

«Бұл конкурстың мақсаты – Қазақстандық қолөнер шеберлерінің мына сувенир, кәдесый жасайтын адамдардың жұмыстарын қолдау. Мысалы, сіз қай мемлекетке барсаңыз да шетелде әр түрлі кәдесыйлар алып келесіз. Кем дегенде магнит болуы керек. Сондықтан Алматыда кәдесыйжоқ деп айтуға болмайды. Бірақ, олардың саны әзір аз», – деді «Qazaq-Oner» қолөнер орталығының басшысы Айгүл ЖАНСЕРІКОВА.

Көрмеге қойылған сувенирлер келген көрермендердің ерекше көңілінен шықты. Шара барысында шеберлердің қолынан шыққан қазақи нақыштағы туындылар да сатылымға түсті.  

Қаламыздың брендтік кәдесый қолөнер бұйымдарының ішінде мынадай кішкене медальондарды ерекше атап өтуге болады. Себебі, олардың жасалу жолдары да өте ерекше. Ең бірінші қағаз бетіне сұлбасы сызылып алынып, кесілген сұлбаны мынадай латунь деп аталатын металлдың бетіне жабыстырып, желіммен кептіреді. Кептірілген дайын осы медальонды арнайы аппараттың ішіне салып, онда беті тазартылады екен.

Түрлі материалдардан жасалынған қолөнер шеберлерінің жұмыстарына бірнеше талаптар да қойылған екен. Тек арнайы талапқа сай болған туындылар ғана байқауға қатысуға жіберілген.

«Негізгі талап – кәдесыйлар бұған дейін болмаған болуы керек.  Өзіндік ерекшелігі болған. Сонымен қатар біз оны өндіріске шығармақ ойдамыз. Яғни ол - кішкентай, қарапайым, бірақ қазақтың қолөнерін көрсететін, қазақтың тарихын көрсететін, Алматының өзінің ерекшелігін көрсететін сондай бұйым болуы керек болды», – дейді Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан БІРБАЕВ.

Сонымен 20 зергер ұсынған 20 жұмыстың ішінен «Алма-сырнай» үздік деп танылды. Кәдесыйдың авторы Азамат Бақи Алматыны «алма» бейнесінде елестетіп, символы ретінде сазды алма-аспабын жасаған. Бас жүлдеге 1 млн теңге берілді. Екінші орынға 700 мың, Ал үшінші орын алған зергер 500 мың теңгеге ие болды.  

«Ол жерде тапсырған жұмысым - керамикадан жасалған алма. Ол аспапқа «алма-сырнай» деген ат бердік. Байқау барысында оны басқа аспаптармен сүйемелдеп ойнап, бірінші орынға ие болдық», – дейді қолөнер байқауынының жеңімпазы Азамат БАҚИ.

«Алма-сырнай» – шетелден келген туристердің «Алматының символы қандай?» деген сұрағына жауап бермек. Дәл осындай іс-шара келесі жылы өзге қалаларда да ұйымдастырылған. Осылайша Қазақстан қалаларын әлемге кәдейсый арқылы таныту да көзделіп отыр.  

Аяулым Көлжігіт, Владислав Шишко, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров