Әкімдіктер 30 миллиард теңгеге көпқабатты үйлерді жөндемекші

zheleznovodskiy.ru
zheleznovodskiy.ru
Республикалық бюджеттен биыл 30 миллиард теңге бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық бюджеттен әкімдіктерге көпқабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 миллиард теңге береді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Республикалық бюджеттен биыл 30 миллиард теңге бөлінді. Әкімдіктер дереу күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуі қажет. Осыдан кейін үй тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган арасында келісімшарт жасалады. Онда күрделі жөндеу жұмыстарын әкімдіктер жүргізетіні, кейін тұрғындары осыны Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен бірлесіп жинақтаушы жүйесімен ақысын қайтаратын болады», - деді Өскенбаев ОКҚ брифингінде.

«Бұл қазір де болып жатыр. Егер сіздер байқасаңыздар, сізге екі есепшорт келеді: ағымдағы және жинақтық. Ағымдағы есепшот бойынша сіз қазіргісін төлейсіз. Жинақтаушы - бұл үйіңіздің зейнетақы қоры сияқты. Ол қаражатты тек күрделі жөндеу жұмыстарын жұмсауға болады», - деді ол.  Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөліне бастайды. Қажет болған жағдайда лифт және үйдің алдынғы бөлігін жөндейді. 

«Идеясы мынадай, әкімдік бөлінген қаражаттың есебінен және жергілікті бюджеттен бөлінген ақшаның есебінен қазір сіздің үйіңізді жөндейді, сіз ағымдағы ай сайынғы төлемдерді төлейсіз, сонымен қатар жинақ шотында ақша жинақталады. Сегіз жылдан кейін сіздің шотыңызда жинақталған бұл ақша жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін әкімдікке қайтарылады. Егер бұл қаражат жетпесе, ТҮҚЖБ қалған сомаға 2 пайызбен несие береді. Ол ерекше кепілдіктерді талап етпейді. Бұл ақшаны сіз былай-ақ жинап жатырсыз, сол себепті қосымша төлем жасамайсыз», - деп сендірді Өскенбаев.

Новости партнеров