«Атакент» заманға сай түрленеді

стопкадр Almaty.tv
стопкадр Almaty.tv
Құрылыс жұмысына 1 миллиард теңге бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Атакент» көрме орталығының аумағына жалпы көлемі 20 мың шаршы метр болатын 6 көрме павильоны салынбақ. Құрылыс жұмысына 1 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы акционерлік қоғамының президенті Мадина Мақыпова мәлімдеді. Оның айтуынша, аумақта тағы жүгіруге және велосипедке арналған жол салынады. Сонымен қатар, үй жануарларын қыдыртатын аймақтар да қарастырылған.  

«Біз жыл сайын «Атакент» аумағын жаңартып, жасыл желек отырғызамыз. Мәселен, былтыр аталған жұмыстарға 300 миллион теңге жұмсалды. Биыл жыл басынан бері 110 миллион теңге кетті. Күзде тағы 400 түп ағаш егеміз. Соңғы кездері суару жүйесі нашарлап кетті. Атакент аумағындағы жасыл желектерге негізінен су арық арқылы беріледі. Жороков көшесіндегі арық бітеліп қалыпты. Қазір сол жүйені тазалау жұмыстары жасалып жатыр. Жалпы Атакент тек көрме орталығы ғана емес, адамдардың демалатын жеріне айналуы керек. Сол бағытта жұмыс жүргіземіз», – дейді «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы АҚ президенті Мадина МАҚЫПОВА.

«Атакент» аумағында туристік бағыттағы көлік жүргізу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар, 2021 жылға дейін барлық жарықшамдар ауыстырылып, олардың саны артпақ. Бұл тұрғындардың кешкі уақытта серуендеуіне ыңғайлы болмақ.

Айта кетейік, «Атакент» аумағын түрлендіруге кез келген қала тұрғыны қатысып, өз ойларын жеткізуге болады деді көрме басшылығы.

«Мен қандай да жаңалықты қолдаймын. Жаңарту керек. Баяғы «Атакент» пен қазіргі «Атакенттің» арасы жер мен көктей», – дейді бір қала тұрғыны.

Ал, келесі бірі бұл өзгеріске әсіресе балалардың қатты қуанғанын айтады.

«Немерелерімізді ойнатамыз.  Бізге әрине жақсы», – деді тағы бір алматылық.

Тұрғындар осы аймақтағы отырғыштарды көбейтсе дейді, себебі күн ыстықта кешкісін демалып отырайын десек, орын таба алмаймыз дейді олар.

Новости партнеров