Ендігі уақытта дүниеге келген сәбидің құжатын әзірлеу барысында оған жәрдемақы ресімдеуге және сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«Ендігі уақытта сәби дүниеге келгеннен кейін, оған құжаттар ресімдеуде проактивті қызмет арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, жәрдемақыны ресімдеуге, тіпті баланы балабақша кезегіне қоюға болады», - деп хабарлайды ақпараттық технологиялар компаниясы.
Проактивті қызмет алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелудің үш тәсілі бар:
1. Өз бетінше ЭЦҚ (электронды цифрлы қол) қол қоя отырып порталдағы (eGov.kz) жеке кабинет арқылы. Ол үшін төмендегі сілтеме бойынша тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
2. «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкеріне жүгіну арқылы, толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.
3. Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдеріне жүгінуге, сондай-ақ, аталған қызметті Telegram-бот арқылы алу мүмкіндігі бар.
«Медициналық мекеменің хабарламасын алған соң, ақпараттық жүйе бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде Сізге қызмет көрсету үшін қажетті СМС жібереді. Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін мәліметтер баланың анасынан СМС арқылы сұратылады. Порталда (eGov.kz) проактивті қызмет алу үшін қалай жауап СМС жіберу керектігі туралы көрнекі үлгілер көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған», - делінген хабарламада.