11 қыркүйекте Алматыда Ұлттық Отбасы күнін мерекелеуге орай дағдарыс жағдайында қалған жас отбасылар үшін 5 сенім кабинеті ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенім кабинеттерінде жастар мен жас отбасылар жоғары білікті психологтардан тегін кеңес пен психологиялық қолдау ала алады, отбасылық дағдарыстарды шығынсыз қалай еңсеруге және отбасын қалай сақтап қалуға болатынын біледі. Психологтар жастар мен студенттер үшін болашақ отбасыларда тиімді коммуникация құруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасылық қатынастардың басқа да аспектілеріне арналған кездесулер, семинар-тренингтер мен дәрістер өткізеді.
Отбасы – қоғамның негізгі әлеуметтік институты. Отбасының ауыр қаржылық жағдайы, оның тұрмыстық проблемалары қазақстандық қоғам өмірінің барлық басқа салаларына теріс әсер етеді. Жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласындағы Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Сенім кабинеттері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, face-to-face форматында және онлайн-режимде жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты жағдайда: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отбасылық саясатты дамытуға ерекше назар аударды.