2025 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады

2025 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады
Жолды күтіп ұстауға 40 млрд.теңге бөлінуі тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады. Қазір жұмыстарды жүргізетін мердігер компания анықталған. Егер олар үш айдың ішінде міндетін толық атқармаса, келісімшарт бұзылады. Ол туралы бүгін «Қазавтожол» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күре жолдар бойына камералар орнатылып, көліктердің санын және қанша шақырым жүргенін анықтайды. Сондай-ақ, қанша қарызы бар екені көлік қожайынына хабарлама ретінде жіберіп отырады. 1 шақырымға жеңіл көлік үшін 1 теңге, ал ауыр жүк көліктеріне 15 теңге бекітілген. Бүгінде елімізде 4 бағыттағы жолға ақы төлеу жүйесі енгізілген. Оның сөзінше, нормативқа сәйкес жолды күтіп ұстауға 40 млрд.теңге бөлінуі тиіс. Қазір қазынадан бар-жоғы 26 млрд.теңге ғана бөлінеді. Бұл жолдың сапасын жақсартуға жетпейді, дейді.

«Ақылы жол енгізілгеннен кейін біз бюджеттен ақша алмаймыз жолдарға. Сол жолдарға жиналған ақша күтіп ұстауға жұмсалады.  Ақылы жолдар жүк көліктерінің түріне байланысты. Неғұрлым жүк көлігі үлкен, таситын жолы үлкен болса, соғұрлым қымбат блады», – деді  «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасы  Ұлан ӘЛІПОВ.  

2020 жылдың екі айы ішінде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесінен 643 млн теңге түскен.

Новости партнеров