Теңіз кен орнында жұмыстың бір бөлігі тоқтатылды. Бұл туралы «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мекеменің ресми өкілі, әлеуметтік желіде тарап жатқан «Тоқтату туралы» бұйрықтың қауесет емес екенін растады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде «Теңізшевройл» компаниясының бұйрығын тарата бастаған еді. Онда жазылғандай, жұмысқа шықпаған қызметкерлер ұжымдық шарт және еңбек заңнамасына сәйкес жалақысын алады. Бүгінде бұл бұйрық компанияның сегіз пайызға жуық қызметкеріне қатысты болып отыр, деді мұнай өндіретін мекеме өкілдері.