Атырауда шабақтарды құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірде канал жағасынан 80 келіге жуық балықтың өлексесі табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда шабақтарды құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірде канал жағасынан 80 келіге жуық балықтың өлексесі табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар қауіп қатарын бұдан ары арттырмас үшін су маржандарын сүзіп алып, өлі балықтарды жинауға кіріскен.

Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде Жайық өзені тасып, мұндағы Соколок пен Сарыөзек каналдары суға толған. Бірақ күн ысып, салдарынан сол су қайта тартылған.

– Көктемде келген су каналдарға бөлінгені белгілі. Кішкентай көлшіктерде шабақ көбейіп, суда қалып қойып жатыр. Оларды жинап алып, Жайыққа жіберу керек. Балықтарды қырып аламыз. Қала тұрғындарын көмекке шақырғым келеді, – деді ерікті Аслан Омаров.

Аймақта 15 су тоғаны бар. Ол жердегі су деңгейін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бақылап отырады. Ал құтқару жұмыстары шабақтардың ұсақ болуына байланысты қазанға дейін жалғаспақ.

– Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен шабақтарды құтқару және санитарлық тазалық шараларын өткізіп жатыр. Шабақтар су тасқыны кезінде каналдарда қалып қойған. Оларды көлдерге жіберіп жатырмыз, – деді Махамбет ауданы балық инспекциясы бөлімінің басшысы Бектұрған Сұпығалиев.

Оқи отырыңыз: Атырауда 9 адам суға батып кетті

Новости партнеров