Екібастұзда жылу беру орталығындағы қазандықты жөндеуге қаржы бөлінеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазір 10 қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұзда жылу беру орталығындағы қазандық пен желілерді жөндеу үшін қазынадан 22 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Олжас Бектенов «жұрт енді жылусыз қалмайды» дейді.Бұл мақсатта былтырдың өзі 4 магистраль мен желілер күрделі жөндеуден өткен. Қазір 10 қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр. Апаттың алдын алу үшін шіріп кеткен 70 шақырымдық жылу құбыры да айырбасталды.

Еске салайық, 2022 жылдың соңында Екібастұздағы жылу беру орталығында техногенді апат болып, салдарынан қараша қытымыр қыста қатып қалған.

– Республикадан да, ЖЭО иелері есебінен де қомақты қаржы бөлінген болатын. Соның арқасында біз жөндеуден өткіздік. Бар резервтерді жұмылдыру керек. Жылусыз ешкім қалмайды, – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Өңірде кешенді бағдарлама бекітілгенін де айта кетейік. Онда Екібастұздан бөлек, аймақтың 3 қаласын жылумен қамту жоспары бар.  Бұған қоса, кәріз коллекторы да қалыпқа келмек. Апат болғаннан бергі арадағы бір жарым жылда Мемлекет басшысының өзі өңірдегі жағдайды бақылауға алған. Жоспарға сай, жылумен жабдықтау биыл да жалғасатын болады.

Новости партнеров