Су тасқыны: Құлсарыдағы 600-ден аса тұрғын мүлкін бағалау нәтижесін алды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Махамбет ауданында қауіп әлі сейілмей тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тасқын кезінде қатты зардап шеккен Құлсары қаласының 600-ден аса тұрғыны су басқан мүлікті бағалау нәтижесін алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәулік бойы жүргізіліп жатқан жұмыстарды апта соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал өңірде өтемақы төлеу тәртібі бойынша 800-дей адам толық ақпарат алған. Төрт түлігінен айырылған жүзден аса шаруаның арызын әкімдік қарастырып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, өңірде жалпы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен.

– 5 сәуірде аулам су астында қалып, үйім құлады. Үйім саман тастан  салынған. Арнайы комиссия оны апатты деп таныды. Бүгін мүлкімді бағалау нәтижесін алдым, ұсынылған өтемақы көлемі мен үшін жеткілікті. Көмек пен қолдау үшін мемлекетке алғысымды білдіремін.  Осындай қиын сәтте  жалғыз қалған жоқпыз, – деді Құлсары қаласының тұрғыны Гүлфайруз Абирова.

Махамбет ауданында қауіп әлі сейілмей тұр. Аудандағы 66 егін алқабы мен 27 қожалық су астында қалды. Ал төрт-түлікке қатер төнбепті. Себебі мал басы толығымен алдын ала бекітілген қауіпсіз аймақтарға көшірілген. Ал зардап шеккен жұртшылыққа өтемақы төлеу әлі де жалғасады.

– Үйімізге дезинфекция жүргізді. Бағалау комиссиясы келіп, техникалық сараптама жасады. 15 мамырда бағалау нәтижесін таныстырды, ақшалай өтемақы төлейтін болды. Ал 17 мамырда есеп шотыма қаражат түсті.  Маған өтемақы көлемі жетеді, – деді Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл Ихсанова.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Жалаулы ауылында 5 баспана шілдеде пайдалануға берілмек

Новости партнеров