Алматыда кезекті жұмыс жәрмеңкесі өтті

Алматыда кезекті жұмыс жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеде 250 деп астам вакансия ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Тастақ базарының маңында өткен шараға келушілер қатары көп болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бұл жәрмеңке халықты жұмыспен қамту мәселесі және халықтың әл ауқатын көтеруге байланысты өткізіліп жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай жұмыс берушілер келіп 250 деп астам вакансиялар беріліп отыр. Осы ваканцияларға көптеген жұмыссыздар келіп өзінің түйіндемелерін қалдырып кетіп жатыр», – деді Алмалы ауданы əкімі аппаратының əлеуметтік сала бөлімінің басшысы Бану МАНАПОВА.

Ұсынылған бос орындардың ішінде байланыс орталықтарының операторлары, диспетчерлер, әкімшілер, жүргізуші-экспедиторлар, механиктер, токарь, электрик, техникалық қызметші, аула сыпырушылар сондай-ақ жүк тасушылар бар.

«Бір екі вакансия қарастырдым, өзіме ыңғайлы. Негізі жұмыс табуға болады екен», – деді бір жас түлек.

«Мен жұмыспен қамту орталығына тіркелген болатынмын. Қазір әр тұрлі қоғамдық жұмыстарды атқарып, айына 52 мың теңге алып жатырмын», – деді келесі бір жас маман.


Новости партнеров