Маңғыстау облысында прокуратура Каспий жағасындағы 3,5 мың гектар жердің заңсыз берілгенін әшкереледі. Кадастрлық құны 30 млрд теңгеге бағаланған учаске мемлекетке кері қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу мәліметінше, «Кендірлі» демалыс базасы маңындағы жағажай 2007 жылы мұнай компаниясына сатылған. Бастапқы жоба бойынша мұнда емдеу-сауықтыру кешені салынуы тиіс еді. Алайда заң талаптары бұзылып, жер жеке компанияға сатылған. Бұл учаскеге арнайы комиссияның рұқсат бермегені, сондай-ақ жобаның бекітілмегені белгілі болды.
– Уәкілетті органға прокуратурамен ұсыным енгізілді. Сәйкесінше, сотқа талап арыз беріліп, соттың шешімі шықты. Жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ, – деді облыстық Прокуратураның басқарма басшысы Мерген Меңдіғалиев.
Оқи отырыңыз: Ұлытауда мүгедек жандардың зейнетақысын ұрлаған мекеме басшысы сотталды