Ұлытау облысында шегірткемен күрес күшейтілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Өңірде 29,5 мың гектар жер егістік алқабымен қамтылып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытаулықтар шегірткемен күресті күшейтті. Қазір облыста егін салу науқаны аяқталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл Ұлытау облысында 29,5 мың гектар жер егістік алқабымен қамтылып отыр. Оның 24 мыңы астық, 4,5 мың гектары жем-шөп дақылдары болса, картоп пен көкөніс тұқымы 1000 гектарға себілді. Ол үшін 400 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылды.

– Биыл 20 өтінім келіп түсті.  448 тонна  жанар-жағармай бөлінді. Бұған дейін мемлекет тарапынан 27 млн теңге қаражат берілген. Бұл дегеніміз былтырмен салыстырғанда 50 пайызға жоғары, яғни өткен жылы 18 млн игерілген. Ал облыс бюджетінен жеңілдетілген қаржыландыру бағытында жергілікті бағдарлама бойынша 500 млн берілді. Бұл қаражатқа қажетті ауыл шаруашылық техникалары алынды, – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мутаев.

– Қай жерде болса да қаржы мәселесі маңызды. Биыл қаражат 4 есеге көбейіп жатыр. Бұрын 140 млрд теңге болса, 500 млрд теңге техникалық лизингты 100 млрд теңгеге жеткіздік. 680 млрд теңге ауыл шаруашылығына бөлінді. Осының барлығын шаруа қожалықтарына  түсіндіріп жатырмыз. Бұрын 20-22 пайызбен субсидия күтіп жүретін. Қазір 5 пайызбен кредитті 1 жылға алады, оларды ешкім асықтырып жатқан жоқ, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Айта кетейік, республика аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарына қауіпті деп саналатын 12 түрлі зиянкес пен 2 өсімдік ауруы және зиянды организмдердің 5 түрі тіркелген. Ал Ұлытау облысының өзінде биылғы жоспарға сәйкес, зиянды, аса қауіпті организмдерге жалпы 1 млн 437 мың 234 га аумақта зерттеу жүргізу межеленген. Атап айтсақ, Жаңаарқа ауданында 5,9, ал Ұлытау ауданында 8,3 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

– Шегірткемен күрес жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Керек препараттар күзде алынған. Техника, адамдар дайын. Жергілікті жұмыс жасалып жатыр. Ал инспекторлар оны бақылауда ұстап отыр, деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Әдістемелік орталықтың мамандары бұған дейін 646,5 мың гектар алқапты зерттеген. Соның нәтижесінде биыл 700 гектар жерде химиялық өңдеу басталады.

Алтынгүл Төлегенова, Ұлытау облысы, «Алматы» облысы

Оқи отырыңыз: Ақтауда бүрге қаптап кетті

Новости партнеров