9 наурыз күні сағат таңғы 6-лар шамасында Көлік полициясының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалында жолсерік ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойызының жолсерігінен 80 мың теңге қаражат табылған. Ал, сөмкені күтіп алатын адамнан 3742 грамм кептірілген марихуана есірткілік заты анықталды. Екі азамат та кінәлі деп танылып, бірі 4 жылға, екіншісі 3 жылға сотталды.