«Алматы» телеарнасы «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің арнайы жүлдесін иеленді. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі біздің арнамен 10 жыл бойы қоян-қолтық жұмыс істегенін айтты. Ширек ғасыр көрерменге пайдалы өнім ұсынып жүрген телеарнаның ұжымын құттықтап, арнайы жүлдені табыс етті.
Айта кетейік, аталған байқау биыл 8-рет өткізіліп жатыр. Осы жылы 12 номинация бойынша үздіктер марапатталды. Биыл 300-ден астам өтінім түскен екен.