Қарақұрт шаққан атыраулық жасөспірімдер ауруханадан шықты

elements.envato.com
elements.envato.com
Дәрігерлер сақ болуға шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында қарақұрт шаққан екі бала жансақтау бөлімінен шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазір 13 және 17 жастағы жасөспірімдердің денсаулығына еш қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы. Дегенмен өңірде зиянкестен келер қауіп азаймай тұр. Әсіресе, өңірдегі Индер, Исатай мен Құрманғазы аудандарындағы шаруалардың жағдайы қиын. Бұған дейін, аталған аумақтарда 17 түйе мен 6 жылқы өлген. Қарақұрт тіпті мұндағы тұрғындардың өміріне де қауіп төндіріп еді. Сондықтан дәрігерлер көпшіліктен аса сақ болуды сұрап отыр.

- Мақат ауданынан қыз бала ауруханаға келіп түсті. Жағдайы ауыр болды. Мазасызданып, дәрігерлер тиісті ем берді. Қарақұртқа қарсы сары су екті. Содан кейін науқастың беті бері қарады. 4 күннен кейін жазылып, үйіне жіберілді. Одан кейін 26 маусымда тағы бір жағдай тіркелді. Ол - қала тұрғыны, шөп шауып жатқанда қолын шағып алған. Жігіт те ауыр түсті, оған да тиісті медициналық көмек көрсетілді, - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Марияш Жаңабергенова.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 2 мың бала қызылшамен ауырған

Новости партнеров