Алматыда тұрмыстық техниканың халықаралық көрмесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараның мақсаты – стратегиялық серіктестіктерді құруға қолайлы жағдай туғызу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда электроника және тұрмыстық техниканың халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған Орталық Азия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркиядан 100-ден астам зауыт өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азиядан кәсіпкерлер мен сауда желілерінің мүшелері қатысты. Іс-шараның мақсаты – қатысушылар арасында жаңа бірлескен кәсіпорындар мен стратегиялық серіктестіктерді құруға қолайлы жағдай туғызу.

– Алдағы жылдары одан да көп компаниялар мен өндірушілерді тартуға күш саламыз. Мақсат – Қытаймен тауар айналымын жақсарту. Отандық өндірушілерді шетел нарығына шығару, – деді «Атамекен» ҰКП Сауда және даму департаментінің директоры Әсет Айтбаев.

Оқи отырыңыз: Елімізде бидай импортына тыйым салынды

Новости партнеров