Жолда қабылдау: мамандар азаматтардың құқықтық сауатын арттырмақ

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 12 іс-шара өткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалалық Полиция департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің бастамасымен «Жолда қабылдау» деп аталатын науқан ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара заңбұзушылықтың алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрі азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған. Биыл 12 іс-шара өткізілген.

– Жылдың басынан 12 рейдтік іс-шара өткіздік. Науқан барысында 35-тен астам автокөлік тексеріліп және 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрайды, – деді Көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Қуаныш Сембек.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жол патрульдік полицейін пышақтап кетті

Новости партнеров