Алматыда Дүниежүзілік балалар күні орай конференция өтті

Алматыда Дүниежүзілік балалар күні орай конференция өтті
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні. Конвенцияны 1989 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы қабылдаған еді. Осыған орай, Алматыда бала құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин онлайн конференция өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол балалардың құқығы аяқ асты болмауы үшін жүйелі өзгерістер қажет екенін айтады. Сөзінше, 1 жылдан астам уақытта омбудсменге 500-ден аса шағым келіп түскен. Олардың басым көпшілігі мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызметкерлердің жақсы қарамауы, ата-аналардың алимент төлемеуіне қатысты екен.

«Дүниежүзілік бала күні балалардың құқықтары туралы оларды қамтамасыз етудегі қол жеткен жетістіктер мен мәселелер туралы хабардар болуды арттыруды арналған жыл сайынғы шара. Әрбір бала қорғалуға, қауіпсіз өмір сүруге, оның оқуға және өзінің дарыны мен мүмкіндіктерін іске асыруға барлық жағдайлары болуға тиіс. Біріккен ұлттар ұйымының бала құқықтары туралы конвенциясына 30 жыл. Біздің еліміз бұл конвенцияны 1994 жылы ратификациялады», – деді ҚР Балалардың құқығын қорғау бойынша уәкіл Аружан Саин.

Новости партнеров