Олардың кепілді медициналық көмек алу құқығы бұзылған
Абай облысында прокурорлар кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу барысында бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңасемей ауданының прокуратурасы медициналық мекемелердің балалар арасында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу жұмыстарын ұйымдастырмағанын анықтаған.
«2024 жылы Абыралы ауылында 342 бала тексерілмеген, бұл олардың кепілді медициналық көмек алу құқығын бұзған. Сонымен қатар аудиологиялық скринингке мұқтаж 214 баланың 39-ы ғана тексерілген», - делінген хабарламада.
Соның салдарынан 2024 жылы 517 бала қажетті тексеруден өте алмаған.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғап, балалар медициналық тексеруден өте бастады, ал аурухана директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Оқи отырыңыз: Су тасқынының алдын алу: өңірлердегі бүгінгі ахуал қандай