Абай облысында өзен суы көтеріліп, ауыл тұрғындары көшірілді

Абай облысының әкімдігі
Абай облысының әкімдігі

Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына арнайы келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында өзен суының көтерілуіне байланысты үйіне қауіп төнген тұрғындар шұғыл көшірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 5 сәуірде кешкі сағат 20:35-те Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бородулиха ауданындағы Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшенің аула аумақтарын су басу қаупі туындаған.

«Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар, жедел құтқару жасағы мен полиция бөлімшелерінен барлығы 123 адам және 39 техника, оның ішінде 3 жүзу құралы ауылға шоғырландырылды. Қазіргі кезде қуіптің бетін қайтару жұмысы жалғасып жатыр. Кеше қауіпсіздік мақсатында ауылдағы өзен жағасына жақын көшенің 26 тұрғыны өз еріктерімен мектепке уақытша орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аулаларын су басуы мүмкін тұрғындардың малдын басқа шаруа қожалықтарына жеткізді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін таңертең ерте Бородулиха ауданына арнайы келді.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Манарбек Шапағатовпен бірге әуелі Үбі өзеніндегі су деңгейін тікұшақ арқылы әуеден бақылады. Содан кейін ауылға келіп, жедел штабтың жиынын өткізді. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев пен аудан әкімі Айдар Ибраев аймақ басшысына ахуалды баяндады.

«Аудан әкімінің айтуынша, елдімекендегі өзен жағасына жақын 30 шақты үйдің ауласына су кірген. Елдімекенде жедел штаб құрылған. Оған облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жетекшілік етеді. Үбі өзеніндегі мұз кептелісін жойып, су арнасын толық ашу үшін мұз жару жұмысы жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ауылдағы басқа аулаларға судың кіруіне жол бермес үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аймақ басшысы тиісті орындарға жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

"Красный Яр - аудандағы жыл сайын су басу қаупі төнетін ауылдардың бірі. Елді мекендегі жағдайды кешеден бері жеке бақылауымда ұстап отырмын. Аудан әкімі
мен тиісті құрылымдарға тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізуді, жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырамын. Мұз жару жұмысын кешке дейін аяқтау қажет" деді аймақ басшысы.

Оқи отырыңыз: Су басып қалған: Ақмола облысында республикалық жол жабылды

Новости партнеров