АЭС тақырыбын талқылаған қаламгерлердің айтуынша, тоқ көзіне деген тәуелділік артпаса, кемімейді
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір электр қуатын өндіруден гөрі, тұтыну көрсеткіші жоғары, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл сағатына 112,9 миллиард киловатт электр өндірілсе, тұтыну көлемі 115, 1 миллиард киловаттқа жеткен. АЭС тақырыбын талқылаған қаламгерлердің айтуынша, тоқ көзіне деген тәуелділік артпаса, кемімейді.
"Энергия көздерінің бәрі сарқылып жатыр. Көрші елдерге суға, желге, тоққа қарызбыз. Олар да көмірге тәуелді. Әр мемлекеттің өзінің стратегиялық саясаты болады. Халықтың ойын тыңдап, халықпен санасу – үлкен дүние. Ол жағынан биліктің жасап отырған саясатын қолдау керек", – деді ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы.
"АЭС салуға қатысты рефрендумға шығарған соң, елде екі ұдай пікір байқалады. АЭС көрші Қытай, Ресей де, Франция, Жапония да салып қойған", – деді ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әділқазы Қайырбеков.
Оқи отырыңыз:Референдум: Сыр өңірінде 380 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді