Үскірік аяз, боран: қостанайлықтарды қар құрсауында қалды

Қостанайдағы су басу қаупі жоғары аймақтарды қатаң бақылауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақпан айы тосын мінез танытып, қостанайлықтарды қар құрсауында қалдырды. Қатты боранның салдарынан республикалық маңызды жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Өңірде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп, қақаған суықта қара жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр. Құзырлы органдар тұрғындарға сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертіп, ұялы телефондарға келетін ауа райы жайлы жедел хабарламаларды бақылап отыруды сұрайды. Алдағы күндері өңірде ауа температурасы өзгермейді, алайда жауын-шашын жаууы мүмкін

"Қазір 5 тас жолда қозғалыс шектелді. Оның үшеуі – облыстық, екеуі – республикалық маңызы бар бағыттар. Бүгін патрульдік полиция қызметкерлері үш автокөлікті қар құрсауынан шығаруға көмектесті. Зардап шеккендер жоқ, бірақ жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы негізгі себеп болып отыр", – деді облыстық Полиция департаментінің атқарушы инспекторы Елена Магасумова.

Синоптиктер көктемгі ауа райына да болжам жасады. Наурыз бен мамыр аралығында елдегі орташа температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бұл ретте  жергілікті билік Қостанайдағы су басу қаупі жоғары аймақтарды қатаң бақылауға алған.

"Қостанайдың су тасқыны қаупі бар аймақтарында тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттер орнату қажет. Ол жерлерге кезекші қызметкерлерді бекіту қажет. Арнайы техника мен мотопомпалар толық дайын болуы тиіс. Жеке кәсіпкерлердің арнайы техникаларын да тарту үшін бюджеттен қаражат бөлінді", – деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында көлік апатынан жолаушы көз жұмды

Новости партнеров