Ақмола облысында бюджет қаржысы қолды болған

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы Жақсы ауданыныңда бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Аудан прокуратурасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінен қызметкерлер үшін жалған сыйақы желеуімен 22 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады.

Аудан прокуратурасы аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.      

Оқи отырыңыз: Қазақстанда кімдер пойыз билетін жарты бағаға сатып ала алады

Новости партнеров