Сәбидің жүрегі тоқтап қалған
Бүгін, 28 қыркүйекте Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында өте ауыр халде жатқан 2022 жылы туған қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Lada.kz жазуынша, сәбидің жүрегі тоқтап қалған.
Айта кетсек, өткен аптада, 21 қыркүйекте жол апатынан зардап шеккендердің бірі – 2008 жылы туған қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмған болатын.
Еске салайық, қайғылы жол-көлік апаты 13 қыркүйекте кешке Автодром ауданында болған. Сол күні «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді басып кетіп, соның салдарынан зардап шеккен екі бала ауыр халде Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.
Жүргізуші қамауға алынып, қазіргі уақытта тергеу ісі жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Зардап шеккендер бар: Астанада кафеде жарылыс болды