Олар Ақтау қаласындағы ауруханаға жеткізілді
Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ішінде болған қырғызстандықтардың үшеуінің де аман қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сағат 18:00-де Қазақстанда ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында үшінші азаматтың тірі екені анықталды. Ол - 1988 жылы дүниеге келген. D. есімді азамат", - делінген хабарламада.
Ақтау қаласындағы ауруханаға барлығы 3 қырғызстандық азамат жеткізілген. Олар:
Баку-Грозный бағытында ұшып шыққан «Эмбраер-190» ұшағында барлығы 67 азамат болған. Олардың 37-сі – Әзербайжан, 16-сы – Ресей, 6-ы – Қазақстан, 3-і Қырғызстан азаматы, 5-і – экипаж мүшесі. Қазіргі уақытта 32 адамның тірі екені анықталды. Түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз: ТЖМ Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден видео жариялады