"Ақтөбе" футбол клубындағы қаржы жымқыру ісі Антикорға жолданды

Peter Glaser / Unsplash
Peter Glaser / Unsplash

Прокуратура мәліметінше, 250 млн теңгенің заңбұзушылықтары анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыс прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Ақтөбе футбол клубы қызметін тексерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, 250 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәміле жасау дерегі бар.

«Сондай-ақ ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсалған», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз: Атырауда бекіре уылдырығын заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды

Новости партнеров