Бөгет жарылуы салдарынан азаматтардың мүліктері мен инфрақұрылымға зиян келген
Ақтөбе облысы Хромтау ауданының прокуратурасы "Мағаджан" плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания саналатын ЖШС-нің директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шаралар қабылдамаған.
"2024 жылы 4 сәуірде бөгет жарылып, салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су шайып, азаматтардың мүліктері мен инфрақұрылымға зиян келтірілген", - делінген хабарламада.
Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-нің 254-бабымен (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Жамбыл олысында 187 млн теңгенің темекі бұйымдарын заңсыз әкелгендер ұсталды