Ақтөбе облысында мас күйде көлік жүргізіп жүрген 13 адам ұсталды

Dario Daniel Silva / Unsplash
Dario Daniel Silva / Unsplash

Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған жүргізуші 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 13 тұлға қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының №2 соты ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (абайсызда мүліктің бүлінуіне алып келген, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 14.03.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған», - делінген хабарламада.

Сот мемлекетің тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында мекеме басшылары жұмыскерлерге 264 млн теңге жалақы төлемей келген

Новости партнеров