Жүк көлігі аударылып кеткен
Ақтөбедегі "Қазхром" компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кабинада отырған 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Жол апаты бүгін Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде болған.
"Жүк көлігі қатты жылдамдықпен бұрылып жатқанда аударылып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен оның жолаушысы көз жұмды", - делінген хабарламада.
Облыстық полиция депаратменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 277-3-бабы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша 3 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жалғасады