Ақтөбеде тергеу абақтысы апатты жағдайда тұр

Ресми мәлімет бойынша, мекеме 192 адамға шақталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде тергеу абақтысы құлайын деп тұр. 77 жыл бұрын салынған нысан бүгінде апатты күйге түсіп, тұтқындар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғимараттың тозығы жеткені сонша, қабырғалары қақырап, төбеcін тіреуіш ұстап тұр. Ресми мәлімет бойынша, мекеме 192 адамға шақталған. Алайда қазір 330-дан астам адам қамауда. Оның үстіне, күн сайын жаңа күдіктілер жеткізілетін көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл ғимаратты қалпына келтіру мүмкін емес. Сол себепті жаңа изолятор салу қажет. Алайда құрылыстың нақты басталу мерзімі әзірге белгісіз.

 «Біршама корпустары апаттық жағдайда. Жаңағы тергеу оқшауланған азаматтардың жай-күйін депутаттар келіп көрген. Бюджеттен тиісті қаражатты қай деңгейде бөлінеді деген мәселе көтерілген», – деді Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты қашан іске қосылады

 

 

 

 

 

Новости партнеров