Ағылшын тілі мектепте аптасына үш емес, бес рет оқытылуы мүмкін

Мәжілісте депутаттар Үкіметке осындай ұсыныс білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағылшын тілі мектепте аптасына үш емес, бес рет оқытылуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте депутаттар Үкіметке осындай ұсыныс білдірді. Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов ағылшын тілін ерте сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің тапсырмасына сай үшінші, төртінші, және оныншы, он бірінші сыныптарда ағылшын тілін аптасына 3 сабақтан 5 сабаққа дейін көбейту қолға алынғанымен, бастама толық іске аспапты. Елімізде магистратура мен докторантураға түсу тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Себебі қолданыстағы ережеге сай талапкерлер ағылшын тілінен міндетті түрде емтихан тапсыруы тиіс. Асхат Аймағамбетов бұл қағиданы өзгертіп, сынақты оқуға түсу кезінде емес, аяқталған соң тапсыруды ұсынды.

 «Ашығын айтқанда, бұл талапты кезінде Үкіметте істегенде қолдаған да, бекіткен де өзім болатынмын. Алайда қазір жағдай өзгерді. «Елу жылда – ел жаңа» деп халық бекер айтпайды. Біз бес жыл ішінде жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Тіпті технологиялық революция орын алды деп те айтуға болады. Иә, ағылшын тілі ғылым үшін, жалпы қазақстанның әр азаматы үшін өте қажет. Болашақта қажет болады да. Бірақ қазіргі технологиялардың дамуын ескерсек, бұл талап магистратура мен доктарантураға түсуге кедергі болмауы тиіс, – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Ұлттық кітап күні: Алматыда кітапханашыларға арналған практикум өтті

Новости партнеров