Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жезқазған қаласында үш жасар сәбиді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі сотты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.
«Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды.
Сот үкімі күшіне енді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 35 млн теңге жымқырған мекеме басшысы сотталды