Елдімекендерді газдандырудың ұлттық стандарты өзгеруі мүмкін

Camara Negra/unsplash.com/
Camara Negra/unsplash.com/

Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу дәнекерлеу арқылы ғана жүреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Өнеркәсіп, Энергетика және Сауда министрліктеріне елдімекендерді газдандырудың ұлттық стандарттарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Газдандандыру жұмыстарын заманауи технологияларды қолдану арқылы да жеделдетіп жүргізуге болады. Мысалы, шетелде құбырларды механикалық тәсілмен қосу технологиясы қолданылады. Бұл құбыр төсеу жұмыстарын барынша жеделдетуге мүмкіндік береді. Алайда, аталған технологияны дамыту үшін ұлттық стандарттарды қайта қарау керек болады. Өйткені қазіргі таңда құбырларды қосу дәнекерлеу арқылы ғана жүреді. Осыған байланысты Өнеркәсіп, Энергетика және Сауда министрліктеріне тиісті рәсімдерді қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол «QazaqGaz» компаниясына 2026 жылдың 1 тамызына дейін тауарлық газды өндіру мен тұтыну тізбегін цифрлық есепке алуды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Жезқазғанда үш жасар сәбиді соққыға жыққан балабақша тәрбиешісі сотты болды

 

Новости партнеров