Алматы облысында қайғылы жол апатынан 4 адам қаза тапты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 26 ақпанда Алматы – Астана автожолының 56 шақырымында болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар!» - делінген ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Елімізде жол апатынан 10 мыңнан аса жасөспірім зардап шеккен

Новости партнеров