Алматыда 25 адамның атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ол үшінші адамдардың атына бірнеше рет олардың хабарынсыз шағын несие рәсімдеген деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті 25-тен астам рет жасағанын айтты. Эпизодтардың бірі күдіктінің әрекетінен зардап шеккен қала тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Күдікті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

"Полиция алаяқтарға қарсы әрекет ету әдістерін белсенді түрде жетілдіруде. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды, - деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 3,2 мың адам Қазақстанда қандас мәртебесін алған

Новости партнеров