Қайғылы оқиға 18 наурызда кешке Қарасу шағынауданында болған
Алматыда бетон араластырғыш көлік мопедпен соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше кешке Қарасу шағынауданында болған. Полиция мәліметінше, Мөңкеұлы көшесімен жоғары жылдамдықта қозғалған қос дөңгелекті құрылғы «Жол бер» белгісіне қарамастан қарсы бағытқа шығып, «Howo» маркалы көлігіне соғылған. Алған жарақаттарынан 19 жастағы мопед жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Болған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл жол-көлік оқиғасы бір күн бұрын сағат 20:50-де Алматының Алатау ауданында орын алған. Қарасу ықшамауданында, Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, Сүмбіле көшесінің қиылысында мопед жүргізушісі, «Жол бер» жол белгісі болса да жол қиылысына шығып кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан «Хово» жүк көлігімен соқтығысқан. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында мыңнан астам адамды кене шақты