Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер сүрілді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

лматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 68 заңсыз нысан бұзылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Жароков көшесі, 240/6 уч.бойынша рұқсат құжаттарынсыз салынған коммерциялық үй-жайлардың бөлшектелгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру аясында басқарма «МАДИНА» ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын.

Бүгінгі таңда меншік иесі нұсқама талаптарын орындау үшін объектіні ерікті түрде бөлшектеуде. 

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 68 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылды.

Новости партнеров