Барлық үш ота жоспарға сәйкес сәтті өтті
Жүрек соғысының ырғақсыздығын емдеудегі жаңа мүмкіндіктерді қолдана отырып, Алматы қаласында алғаш рет сымсыз кардиостимуляторды имплантаттау бойынша ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
№ 7 қалалық клиникалық ауруханада AVEIR ™ VR сымсыз кардиостимуляторды импланттау бойынша бірегей оталар Қазақ аритмологтар қоғамының президенті, Астана қаласы ПІБ медициналық орталығы ауруханасының дәрігері, профессор Аян Абдрахмановтың қатысуымен шеберлік сағаты шеңберінде бірнеше сәтті оталар жасалды. Алматы қаласының №7ҚКА –да Аveir™ VR имплантациясы әдісі алғаш рет қолданылды, осы уақытқа дейін мұндай жедел араласулар Астананың бірнеше мамандандырылған медициналық ұйымдарында ғана жүргізілді.
"Жүрек ырғағының бұзылуы және айқын көрінген жүрек қақпақшаларының патологияларын қосқанда, соның ішінде AV-блокада, AVEIR ™ VR имплантациялау әдісін қолдану - бұл жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр дертімен сырқаттанған пациенттерді емдеудің соңғы заманауи инновациялық әдісі. Біздің клиникада мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі тұрақты негізде ұйымдастырылған, үздік клиникалардың жетекші мамандарымен шеберлік сағаты жиі өткізіледі. Бұл шеберлік сағаты, Алматы қаласының медицинасында жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін озық технологиялар", - деді аурухананың директоры, профессор Манас Ембергенұлы Рамазанов.
Шеберлік сағаты аясында №7 қалалық клиникалық аурухананың интервенциялық аритмологтары, интервенциялық хирургтері, кардиологтары және анестезиолог-реаниматологтары проктор Аян Абдрахмановпен бірлесіп 3 бірегей ота жасады. Олардың бірі ұзақ уақыт бойы жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан, соның ішінде жоғары қан қысымы мен жүректің ишемиялық ауруынан зардап шеккен 70 жастағы пациентке жасалды. Зейнеткердің анамнезінде - 1998 жылы констриктивті перикардит байланысты жүргізілген перикардиттің субтотальды резекциясы, 2022 жылы ишемиялық типтегі инсульт, сондай-ақ бұрын өткен және ағымдағы жылдары сол жақ жалғастырушы артерияны және сол жақ омыртқа артерін стенттеу орындалды.
Пациентте аздаған физикалық қозғалыстан ентігу, жүректің тоқтап қалу сезімі, ауаның жетіспеушілігі болды, екі рет санасын жоғалту және жалпы әлсіздік байқалды. Бұл жолы науқасты жүрек соғу жиілігінің айтарлықтай төмендеуінен (минутына 10 соққыға дейін) туындаған есін жоғалтқаннан кейін, №7 ҚКА-ға жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Холтер-ЭКГ минутына 32 соққымен жүрекшелер ырғағын тіркеді. Қажетті қарап-тексеруден кейін, пациентке бірнеше рет ота жасалғанын, жағдайының ауырлығын ескеріп, электрородсыз электрокардиостимуляторды имплантациялау ұсынылды.
№ 7 ҚКА интервенциялық хирургия және аритмология бөлімшесінің тәжірибелі аритмолог –дәрігері Қанат Ергешовтың айтуынша, AVEIR ™ VR кардиостимуляторын импланттау аритмияның күрделі жағдайларын емдеуге жаңа мүмкіндіктер береді, әсіресе, кейбір пациенттерде ынталандырудың дәстүрлі әдістері қол жетімсіз болған жағдайда.
"Пациент үшін AVEIR™ VR қолданудың артықшылықтары: операция тіліксіз және жалпы анестезиясыз жасалады, бұл асқыну қаупінің аздығы және аз уақыт ішінде оңалу мүмкіндігі. Американдық компания әзірлеген сымсыз бір камералы кардиостимулятор жүрек қарыншасының қызметін үнемі ынталандырып тұру мүмкіндігі бар. Ол шағын өлшемдерімен (38 × 6,5 мм) және батареяның 20 жылға дейінгі ұзартылған қызмет ету мерзімі, құрылғы жұмысының қашықтан мониторингі, температуралық негіздегі жиілік бейімделуі, бекіткішті қуаттамай оңтайлы импланттау орнын картаға түсіру сияқты бірқатар инновациялық функцияларының артықшылықтарымен ерекшеленеді, құрылғы 3 Теслаға дейінгі МРТ жүктемесін көтереді. Негізгі артықшылықтардың бірі оның ең аз инвазивті имплантациясы болып табылады, бұл кардиостимуляторды әсіресе балаларға, көктамыр өрімі арқылы қол жетімсіз пациенттер үшін қолайлы етеді", - деп артықшылықтарын атап өтті дәрігер Қ.А. Ергешов.
Барлық үш ота жоспарға сәйкес сәтті өтті және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан) сақтандыру жарналары есебінен қаржыландырылды. Пациенттер ауруханадан шығарылды, бұдан әрі амбулаториялық бақылауды болады.
Оқи отырыңыз: Жыл қорытындысы: Қазақстанның энергетика саласындағы жетістіктері мен болашақ даму бағыттары