Алматыда "Ғұмырдария" телефестивалінің ақтық кезеңі өтті

Елдің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық өнерпаз бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда "Ғұмырдария" телефестивалінің ақтық кезеңі өтті. Ауқымды байқауға елдің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық өнерпаз жиналып, дәстүрлі ән, ұлттық аспапта ойнау, хореография сияқты бағытта бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұнда 5 пен 17 жас аралығындағы балалар жас ерекшеліктеріне байланысты өнер көрсетеді. Телефестивальге қатысуды дәстүрге айналдырған ата-аналар мен жаттықтырушылар балалардың сайысқа деген ыстық ықыласы мен қызығушылығын ерекше атап өтті.

"Домбыра деген киелі аспапты жеткіншектерге дәріптеуіміз керек. Ұлттық өнерді бағалап, көрсетіп, ұйымдастырып жатқан шығариашылық топқа ризамын", – деді жетекші Қаламқан Көпбергенұлы.

"Ғұмырдарияға" қатысқаныма 5-6 жыл болып қалды. Үлкен сахнаға шығу балалар үшін, мен үшін де жетістік деп ойлаймын. Байқау әділ өтеді", – деді жетекші Жазира Өмірәлиева.

Ширек ғасырлық тарихы бар "Ғұмырдария" байқауы талай өнерпаздың үлкен сахнаға жолын ашып, мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін оятып келеді. Телефестиваль сахнасында ұлттық бағыттағы әндер шырқалып, дәстүрлі өнерге басымдық берілгенін де айта кеткеніміз жөн.

"Біздің мақсатамыз – қазақтың ұлттық салт-дәстүрін ұмытпай, балаларға насихаттау. Талантты балаларымызды телеарна арқылы халыққа өнерін көрсету", – деді бағдарлама авторы Айман Тоқтарбекқызы.

Оқи отырыңыз: Аңыз дауыс иесі: Сауық Жақанованың 80 жылдығына орай конференция өтті

Новости партнеров