Алматыда қалта ұрылары қолға түсті

polisia.kz
polisia.kz

Тінту кезінде ұсталғандардан ұрланған үш телефон табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалта ұрылары қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен үш ер адамды ұстады.

"Үшеуі де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Тінту кезінде ұсталғандардан ұрланған үш телефон табылды. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Исаев өткен жылы қолға алынған шаралардың арқасында 513 ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 315 ұры, сондай-ақ қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 102 топтың қылмыстық әрекетінің алдын алғанын айтты.

Оқи отырыңыз: «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды

 

Новости партнеров